Петропавлда алғаш рет Career Meetup өтті. SKO Hub алаңында ұйымдастырылған кездесуде ІТ компаниялар мен жас мамандар бас қосты. Мұндай форматтағы іс-шара жастарға жұмыс берушілермен тікелей танысып, тағылымдамадан өту немесе жұмысқа орналасу мүмкіндігін ұсынса, компанияларға болашақ мамандарды іріктеуге мүмкіндік берді.
Іс-шараға 50-ден астам қатысушы жиналды. Олардың арасында жоғары сынып оқушылары, колледж және университет студенттері, сондай-ақ бағдарламалау саласына қызығатын жастар жиналды. Олар ІТ компаниялардың жұмысымен танысып, өздерін таныстыруға және жұмыс берушілермен тікелей сөйлесуге мүмкіндік алды.
СНХР: МИЛАН АЛКЕШОВ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
Кездесуге бірнеше ІТ компания қатысты. Олар өз жобаларын таныстырып, қандай мамандар қажет екенін айтты. Сондай-ақ жастарға тағылымдамадан өту және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Қатысушылар компания өкілдерімен қысқаша сұхбаттасып, өз білімдері мен қабілеттерін көрсетті.
СНХР: ВЯЧЕСЛАВ АЛАДИНСКИЙ, «NEOLIFE DIAGNOSTIC» МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, MYDOC ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жастардың жұмысқа орналасуына және ІТ саласында тәжірибе жинауына мүмкіндік береді. Ал компаниялар өздеріне қажет мамандарды ертерек іріктей алады. Іс-шара соңында үздік қатысушыларға ақылы тағылымдамадан өтуге және серіктес компаниялардың кадрлық резервіне қосылуға мүмкіндік ұсынылды.