Солтүстік Қазақстан облысында дәндік жүгері өсірудің жаңа технологиялары кезең-кезеңімен енгізілуде. Соның бірі – Уәлиханов ауданында қолға алынған пилоттық жоба. Қытайлық Taihua компаниясының қатысуымен жүзеге асып жатқан тәжірибелік егістің бүгінгі жай-күйімен аудан басшылығы мен сала мамандары танысты. Тақырыпты әріптесім Қаршыға Әділханқызы тарқатады. 

 Дәндік жүгері – өңір үшін табысы жоғары дақылдардың бірі. Ақтүйесай ауылы маңындағы 200 гектар алқапта осы бағытта тәжірибелік жоба жүзеге асырылып жатыр. Мамыр айында егілген дақыл қытайлық Taihua компаниясының технологиясы бойынша бапталуда. Қазір мамандар егістіктің даму барысын бақылап, қолданылған агротехнологиялардың тиімділігін саралап жатыр. Алқаптағы жұмыс барысымен Уәлиханов ауданының әкімі Мұрат Абдулов пен сала мамандары танысты. 

СНХР: МҰРАТ АБДУЛОВ, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Бүгінде тәжірибелік алқапта минералдық тыңайтқыш енгізудің бірнеше тәсілі сынақтан өткізіліп жатыр. Сонымен қатар, жүгеріні арамшөптен қорғау жұмыстары да заманауи технология бойынша жүргізілген. Мамандардың сөзінше, егістіктің жағдайы қанағаттанарлық, ал негізгі технология қолданылған алқаптарда өсімдіктер біркелкі дамып келеді. Бұл өз кезегінде жоспарланған өнімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

СНХР: НҰРЛАН ОСПАНОВ, «ҚАЗАҚСТАН АСТЫҚ ОДАҒЫНЫҢ» ТӨРАҒАСЫ

 Дәндік жүгеріні жинау биыл қазан айының екінші жартысына жоспарланған. Егер пилоттық жоба оң нәтижесін берсе, мұндай технологияны Солтүстік Қазақстан облысының өзге аудандарында да енгізу жоспарланып отыр.