Шаһардағы қалалық скверде кезекті тазалық акциясы өтті. Игі іске білек сыбана кіріскен 20-дан астам волонтер демалыс аумағын жинап қана қоймай, онда орналасқан «Родина» сәндік нысанын жуып, қалпына келтірді. Жастардың туған қалаға деген мұндай қамқорлығы алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

 Бұл саябақ - тұрғындар ең жиі жиналатын орындардың бірі. Бірақ демалушылардың көптігі кері әсерін де тигізбей қоймайды. Аумақта тұрмыстық қоқыстар жиі қалып, саябақтың көркін кетіреді. Акцияның басты мақсаты - тек тазалық жүргізу емес, тұрғындарды табиғатты әрі ортақ мүлікті аялауға шақыру.

СНХ: ДАЯНА БАЙМҰҚАНОВА, "JE СҚО ШТАБЫ" ҚБ ТӨРАҒАСЫ

  Жастар іске білек сыбана кірісті. Волонтерлер жан-жақты қоқыстан арылтып, айналаны ретке келтірді. Ал саябақтың басты сәніне айналған ескерткішті шаңнан тазартып, жуды. 

СНХ: ЕРСҰЛТАН АМАНЖОЛОВ, ВОЛОНТЕР

Бастама мұнымен шектелмейді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай игі іс алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіледі. Жалпы, жаз мезгілі басталғалы бері волонтерлар 10-нан астам ескерткішті тазалап, ретке келтірген.