Солтүстік Қазақстан облысында алдағы сайлау науқанына дайындық басталды. Өңір бойынша жүздеген сайлау учаскесі ұйымдастырылып, мыңдаған комиссия мүшесі жұмысқа жұмылдырылды.
Алдағы саяси шарада Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жалпы 543 сайлау учаскесі есігін айқара ашады. Оның 92-сі облыс орталығы Петропавл қаласында орналасқан. Сондай-ақ, өңірдегі әскери бөлімшелерде, емдеу мекемелері мен азаматтардың уақытша болу орындарында 13 жабық сайлау учаскесі ұйымдастырылған. Ауқымды науқанның ашық әрі заңды өтуін қамтамасыз ету үшін облыста 558 комиссия жұмыс істейді. Оның 15-і аумақтық, ал 543-і учаскелік сайлау комиссиясы. Жауапты процеске барлығы 3 196 комиссия мүшесі тартылған.