Қазақстандықтар Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындалуда. Жаңа Конституцияға сәйкес елдің жоғары заң шығарушы органы енді бес жылға сайланады. Қазіргі таңда Орталық сайлау комиссиясында партиялық тізім бойынша 145 депутаттық орынға 546 кандидат тіркелген.
ЗКТ: Өңір тұрғындары да алдағы саяси науқанға белсенді қатысуға ниетті. Солтүстік Қазақстан облысынан да партиялық тізімге кандидаттар ұсынылды. Сарапшылардың пікірінше, Құрылтайдың құрамына сайланатын депутаттар ауыл шаруашылығы, өңірлерді дамыту, ауылдардың экономикалық әлеуетін арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешуге басымдық беруі тиіс.
СНХР: ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА – «URPAQ» қазақ мәдени-ағарту орталығының жетекшісі