Петропавлдағы «Қызылжар су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Кәсіпорын қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету және сарқынды суларды бұру қызметін көрсетеді. Қазіргі таңда серіктестік теңгерімінде су тазарту құрылыстары, су және кәріз сорғы станциялары мен өзге де инженерлік нысандар бар. Тақырыпты тілші жалғастырады.

 Алты айдың қорытындысы бойынша кәсіпорын 2 миллиард 896 миллион теңгенің қызметін көрсетті. Осы кезеңде 7 миллионнан астам текше метр ауыз су тұтынушыларға жеткізіліп, 6 миллионға жуық текше метр сарқынды су қабылданған. Нәтижесінде сумен жабдықтау және су бұру қызметтері бойынша жалпы 372 миллион теңгеден астам таза пайда түсті. Бұл қаражат инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға және негізгі қарызды өтеуге бағытталған.

СНХР: ЖЕҢІС СҰЛТАНОВ, «ҚЫЗЫЛЖАР СУ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ

Жылдың екінші жартысында инвестициялық бағдарлама аясында су және кәріз желілеріне күрделі жөндеу жүргізіліп, Жас Өркен шағын ауданындағы кәріз сорғы станциясына жаңа жабдықтар сатып алынбақ. 

СНХР: ЖЕҢІС СҰЛТАНОВ, «ҚЫЗЫЛЖАР СУ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ

 Кәсіпорын Ұлттық «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» жобасы аясында 2029 жылға дейін су және кәріз желілерін жаңғыртып, су тазарту құрылыстарын реконструкциялауды жоспарлап отыр. Биыл жалпы құны 8,9 миллиард теңгені құрайтын сегіз жобаның алғашқы кезеңі іске асырылады. Бұл жұмыстар ауыз су шығынын азайтып, тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар мамандар тұрғындарды су және кәріз қызметтері үшін төлемді уақытылы төлеуге шақырады.