СҚО рұқсат етілмеген қоқыс орындарының саны айтарлықтай азайды. Департаменттің бірінші жартыжылдықтағы есебіне сүйенсек, биыл ғарыштық мониторинг арқылы қалдықтарды рұқсатсыз орналастырудың 41 орны анықталып, жергілікті әкімдіктермен 100 пайызға толық тазартылды. Сонымен қатар, өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында 9 миллиард теңгеден астам қаражатты құрайтын жаңа үш жылдық жоспар бекітілді. Тақырыпты әріптесім толықтырады.

 Аймақтағы басты экологиялық мәселелердің бірі сарқынды сулар мен ауа тазалығы. Осыған орай, Экология департаментінің бастамасымен 2026-2028 жылдарға арналған жоспарға екі ірі жоба енгізілді. Оның бірі Петропавл қаласындағы кәріздік тазарту құрылыстарын аяқтау болса, екіншісі «Био тоғанды» сарқынды су жинақтауышын шөгінділерден тазарту. Сондай-ақ, өндірістік кәсіпорындарға қойылатын талапты күшейту арқылы биыл атмосфераға бөлінетін зиянды шығарындылар 352 тоннаға азайды. Жалпы, есепті кезеңде департаментке тұрғындардан 127 өтініш түсіп, барлығы заң аясында сапалы қаралған. Мемлекеттік экологиялық бақылау мен табиғатты қорғау шаралары алдағы уақытта да басты назарда болады.

СНХ: ТАЛҒАТ СӘБИЕВ, СҚО БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Аударма///// «2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік экологиялық бақылау саласында атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталсам. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Департамент тарапынан 216 тексеру жүргізіліп, 131 заңбұзушылықты анықтады. Нәтижесінде кінәлі тұлғаларға 13 миллион теңгеден астам айыппұл салынып, басым бөлігі бюджетке өндірілді. Лабораториялық бақылау да үздіксіз жүргізіліп жатыр. Алты ай ішінде ауа, су және топырақтан 2 300-ден астам сынама алынды».