Заңды білу, жылдам шешім қабылдау және командамен жұмыс істеу. Осындай қабілеттерін Петропавл жастары квест-экспедицияда сынады. «Заң және тәртіп» бағдарламасы аясында өткен іс-шарада мектеп оқушылары, студенттер мен еріктілер түрлі тапсырмаларды орындап, құқықтық сауаттылықтарын көрсетті.
Іс-шара «Жас Өркен» спорт кешеніне экскурсиядан басталды. Қатысушылар бассейнді, мұз айдынын және жаттығу залдарын аралап, мұнда жұмыс істейтін спорт секцияларының қызметімен танысты. Одан кейін олар үш командаға бөлініп, құқықтық сауаттылықты, тапқырлықты және ұйымшылдықты талап ететін түрлі тапсырмаларды орындады.
СНХ: ДАМИР АБДИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Қатысушылар спорттық эстафеталарға қатысып, зияткерлік тапсырмаларды орындады және заңнаманы білуді, жылдам шешім қабылдауды талап ететін түрлі жағдаяттарды шешті. Әр кезеңді құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен киберқауіпсіздік саласының мамандарынан құралған қазылар алқасы бағалады.
СНХ: МАДИЯР МҰҚАНОВ, КВЕСТ-ЭКСПЕДИЦИЯ ҚАТЫСУШЫСЫ
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай формат жастармен маңызды тақырыптарды қызықты әрі түсінікті тілде талқылауға мүмкіндік береді.