Петропавлда «Хроникадан - болашаққа» атты республикалық кинолекторий басталды. Ауқымды мәдени-ағартушылық жоба Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенінің 30 жылдығына арналған. Кинолекторий аясында еліміздің әр өңірінде Президент телерадиокешенінің Деректі кино орталығы түсірген үздік авторлық фильмдер көрермен назарына ұсынылып жатыр.

Жоба Астанада бастау алып, бүгінде Қазақстанның 20 қаласын қамтып отыр. Петропавл кинолекторий өткен 13-ші қала. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат - қазақстандық деректі киноны кеңінен насихаттап, көрерменді елдің заманауи тарихымен және еңбек адамдарының тағдырымен таныстыру.

Снх: ЭЛЬМИРА ИШМҰХАМБЕТОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ТЕЛЕРАДИОКЕШЕНІ ДЕРЕКТІ КИНО ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҒА РЕДАКТОРЫ 

Ертең петропавлдықтарға «Travel Kazakhstan» және «Қуатты серіктес» деректі фильмдері ұсынылады. Біріншісі еліміздің туристік әлеуетіне арналса, екіншісі Мемлекет басшысының Жапонияға жасаған ресми сапарының көпшілікке беймәлім қырларын көрсетеді.

СНХ: ЭЛЬМИРА ИШМҰХАМЕТОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ТЕЛЕРАДИОКЕШЕНІ ДЕРЕКТІ КИНО ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҒА РЕДАКТОРЫ

Республикалық деректі фильмдер апталығы отандық деректі киноны насихаттауға, тарихи жадымызды сақтауға, патриоттық құндылықтарды дәріптеуге және Қазақстанның мәдени әрі туристік әлеуетін кеңінен танытуға бағытталған. Айта кетейік, Кинолекторий өз сапарын Қарағанды мен Жезқазғанда жалғастырып, қыркүйек айының соңында Алматы қаласында қорытындыланады.