Облыс орталығында денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді нығайтуға бағытталған маңызды дөңгелек үстел өтті. Жиынға Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алешка Симкич пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Қазақстандағы өкілі доктор Скендер Сыла сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары. Қанат Дүзелбаев қатысты. 

Жиынның басты тақырыбы Адам папилломасы вирусының (АПВ) қаупі мен оның алдын алу шараларына арналды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, бүгінде елімізде жатыр мойны обырынан күн сайын әйелдер өлімі тіркеледі. Бұл - мәселенің қаншалықты өткір әрі кезек күттірмейтін сипатта екенін көрсетеді. 

СНХ: АЛЕШКА СИМКИЧ, ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕЛШІСІ

Мамандар бұл вакцинаның қыз-келіншектердің денсаулығын сақтауда және болашақта ауыр кеселдердің алдын алуда шешуші рөл атқаратынын айтады.

СНХ: СКЕНДЕР СЫЛА, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨКІЛІ, ДОКТОР

 Жиын барысында қатысушылар бастарынан өткен оқиғаларымен бөлісті. Қала тұрғыны Юлия Белоног бастапқыда қызына вакцина салдыруға қарсы болғанын жасырмады. Алайда, кейіннен бұл шешімінің үлкен қателік болғанын түсінгенін айтып, өзге ата-аналарды бала өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырды. 

СНХ: ЮЛИЯ БЕЛОНОГ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ

Қорытындылай келе, дөңгелек үстел қатысушылары халықтың денсаулығын қорғау ортақ жауапкершілік екенін алға тартты. Осы бағыттағы бірлескен жұмыстар мен медициналық сауаттылықты арттыру - ұлт саулығын қамтамасыз етудің бірден-бір тиімді жолы.