1 шілдеден бастап елімізде жаңа Құрылыс кодексі күшіне енді. Құжат нысандардың кедергісіз қолжетімділігіне қойылатын талаптарды айтарлықтай күшейтеді. Басты жаңалықтың бірі бұдан былай пайдалануға берілетін ғимараттарды қабылдау комиссиясына әлеуметтік қорғау саласының өкілдері міндетті түрде қатысады.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау аясында өңірдегі жоспарланған 15 нысанның барлығында Әлеуметтік кодекс талаптарының сақталуы бойынша профилактикалық бақылау жүргізілді. Сондай-ақ, азаматтардың өтініші негізінде нысандардың мүгедектігі бар жандарға қолжетімділігін тексеру мақсатында 2 жоспардан тыс тексеріс ұйымдастырылды. Тексеріс қорытындысы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және оңалту құралдарымен қамтамасыз ету саласында 30 заңбұзушылық анықталып, оларды жою туралы 14 нұсқама берілді.
ГАУХАР ҒАБДУЛЛИНА, ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ