М.Қозыбаев атындағы университте құжат қабылдау науқаны басталды
Елімізде жоғары оқу орындарына құжат қабылдау науқаны басталды. Биыл мемлекет тарапынан 89 457 білім гранты бөлінді. Оның ішінде өңірлік оқу орындарына басымдық беріліп отыр. Мәселен, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мен АҚШ-тың Аризона университетінің серіктестігі биыл жаңа белеске шықты. 2022 жылдан бері өткен 4 жылдың ішінде ауқымды жұмыс атқарылып, дәл осы 2026 жылы халықаралық қос диплом бағдарламасының алғашқы түлектері оқу бітірді.
ҰБТ сынағы артта қалды, ендігі кезек грантқа талас. Биыл республика бойынша бөлінген 89 457 гранттың 75 371-і бакалавриатқа, 11 007-сі магистратураға, ал 3 079-ы докторантураға тиесілі. Конкурсқа құжат қабылдау шілденің 13-і мен 20-сы аралығында ғана жүреді. Уақыт тығыз, сондықтан Қозыбаев университетінің қабылдау комиссиясы демалыссыз жұмыс істеп жатыр. Биыл мұнда 130 білім бағдарламасы қолға алынған. оның 85-і бакалавриат, 35-і магистратура және 10-ы докторантура бағыты.
СНХ: АЙГҮЛ НҰРПЕЙІСОВА, KOZYBAYEV UNIVERSITY АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА МҮШЕСІ
Қос диплом бағдарламасы аясында биыл студенттерге 6 негізгі бағыт ұсынылған. Бұл бағдарлама бойынша үздік студенттер 4-курста 1 семестр бойы Америкадағы Аризона университетіне барып, тегін білім алып қайтады. Студенттер екі бірдей дипломға ие болып, жаһандық еңбек нарығына жолдама алады. Аризона бағдарламасына түсу үшін ҰБТ-дан IT, Биотехнология және Бизнес бағыттарына кемінде 50 балл, ал педагогикалық мамандықтарға кемінде 75 балл жинау қажет.
СНХ: ӘСЕТ ЖАНЫСОВ, KOZYBAYEV UNIVERSITY ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КАМПУСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
Еске сала кетейік, бакалавриатқа құжаттарды қабылдау тамыздың 25-іне дейін, ал магистратура мен докторантураға тамыздың 28-іне дейін жүргізіледі.