Өңір басшысы Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиевпен бірге облыс орталығындағы ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Жұмыс сапары аясында өңір басшысы болашақ қонақүй кешендерінің, спорттық және қоғамдық нысандардың құрылыс алаңдарын аралады. Сондай-ақ қала инфрақұрылымының дамуына жаңа серпін беретін жобалардың қарқынын бағамдады. Таяу жылдары Петропавлда қандай жаңа нысандар бой көтереді?
Жұмыс тобы ең алдымен іскерлік, спорттық және қонақүй инфрақұрылымын біріктіретін жаңа көпфункционалды кешеннің құрылыс алаңына ат басын бұрды. Ауқымды жоба 50 сотық жерді алып жатыр. Қазіргі уақытта инвестор дайындық кезеңін аяқтап, жобалық құжаттаманы әзірлеуде. Сонымен қатар қонақүйдің болашақ операторымен келіссөздер жүргізіп жатыр.
СНХР: ДИНАРА КУЛИБАЕВА, «АА CAPITAL» ЖОБАЛАРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ, «HARVEST AGRO» ТОБЫ
Жоба бойынша 100 бөлмелі 8 қабатты қонақүй, заманауи конгресс-холл, мейрамхана, іскерлік аймақтар, сондай-ақ дзюдо залы мен фитнес-аймағы бар екі қабатты спорт орталығы салынбақ. Инвестицияның жалпы көлемі шамамен 7,5 миллиард теңгені құрайды. Инвесторлар құрылыс пен пайдаланудың халықаралық стандарттарын сақтай отырып, жобаны екі жыл ішінде жүзеге асыруды көздеп отыр. Келесі нысан Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының жанындағы салынып жатқан субұрқақ. Бұл жаңа нысан қоғамдық кеңістікті абаттандырудың бір бөлігіне айналады. Ол суды сүзудің заманауи жүйесімен, сәулеттік жарықтандырумен және музыкалық сүйемелдеумен жабдықталады.
АРМЕН ПАГАСЯН, «RENAISSANCE CONSTRUCTION GROUP» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жұмыс сапарының тағы бір нысаны - «RIXOS» көпфункционалды кешенінің құрылыс алаңы. Қазір мұнда соңғы корпустың іргетасын бекіту жұмыстары жүріп жатыр. Жоба бойынша 112 нөмірлі заманауи қонақүй бой көтереді. Кешен ішінде кең лобби, панорамалық терезелері бар фитнес және спа-орталықтар, 150 орындық конгресс-холл мен салтанат залы ашылады. Нысанның басты ерекшелігі қыс мезгілінде трансформацияланатын, яғни жабық ғимаратқа айналатын ашық террасалы мейрамхана болмақ. Сонымен қатар, жоба аясында 180 пәтерлі тұрғын үй кешені салынады. Оның аумағы толық абаттандырылып, серуендеу аллеясы, автотұрақтар мен балалар ойын алаңдары пайдалануға берілмек. Құрылысты 2027 жылы аяқтау жоспарланған»
СНХР: ЯКУБ ЯНАРДАГ, «YDA GROUP» ХОЛДИНГІНІҢ ӨКІЛІ
Келесі нысан 1905 жылы салынған көпес Поляковтың бұрынғы бу диірменінің тарихи ғимараты. Ауқымды реставрациялау жұмыстарынан кейін мұнда 82 бөлмелі заманауи «PANA» қонақүй кешені ашылады. Инвесторлар сәулет ескерткішінің тарихи келбетін сақтап қалуды көздеп отыр. Мұрағат материалдары бойынша кірпіш қасбеттері мен жоғалған декор элементтері қалпына келтіріледі, сонымен бірге ғимарат заманауи қонақүй сервисінің стандарттарына бейімделеді. Инвестиция көлемі 10 миллиард теңгені құрайды, кешен іске қосылғаннан кейін 30-ға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын келесі жылдың шілде айында аяқтау жоспарлануда. Соңғы нысан «Қызылжар» эко-паркінің аумағындағы болашақ аквапарк алаңы болды. Жобаны тәжірибесі бар Түркиядан келген әлеуетті инвестормен бірлесіп жүзеге асыру жоспарланған. Құрылысқа арналған жер телімі анықталып қойған. Алдын ала тұжырымдама бойынша, заманауи демалыс аймағы бір уақытта екі мыңға жуық келушіні қабылдай алады. Құрылысты биыл бастап, 2027 жылы аяқтау көзделіп отыр. Жаңа аквапарк отбасылық демалыс орнына айналып, Петропавлдың туристік инфрақұрылымын толықтырады деп күтіледі.