Маңғыстау телеарнасының түсірілім тобы Солтүстік Қазақстан өңіріне арнайы іссапармен келді. Сапардың мақсаты – көші-қон бағдарламасы аясында Маңғыстаудан қоныс аударған жерлестердің бүгінгі тыныс-тіршілігін көрсету. Осы мақсатта дайындалып жатқан «Құтты қоныс» жобасының шығармашылық тобы QYZYLJAR телеарнасына ат басын бұрып, әріптестермен тәжірибе алмасты. Екі күнге жоспарланған сапар барысында олар Тайынша, Ақжар және Аққайың аудандарында түсірілім жүргізеді.

СНХР: ЛИЗА БАТЫРШАЕВА – MANGYSTAY ОБЛЫСТЫҚ ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ РЕДАКТОРЫ