Қағаз құжаттардың орнын цифрлық қызметтер басып келеді. Бүгінде әлеуметтік көмек алу, төлем рәсімдеу немесе қолдау сұрау бұрынғыдан да жеңіл әрі қолжетімді. Осы бағыттағы жаңа мүмкіндіктер қаламызда өткен «Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру» форумында таныстырылды. Басқосуға мемлекеттік органдардың, әлеуметтік қорғау мекемелерінің, жұмыспен қамту ұйымдарының, кәсіподақтардың және саланың жетекші мамандары қатысты.
Форумда халықты жұмыспен қамту, көші-қон үдерістерін басқару, Отбасын қолдау орталықтарының қызметі, ерекше қажеттілігі бар азаматтарды оңалту және арнаулы әлеуметтік қызметтерді цифрландыру мәселелері жан-жақты талқыланды. Ал пленарлық отырыста мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыратын жаңа цифрлық шешімдер мен жобалар таныстырылды.
СНХР: АНАР ЖҮНІСОВА, “МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ” АҚ СҚО БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету бүгінде цифрлық форматта жүзеге асырылады. Қызылжар ауданының барлық ауылдық округтерінде мобильді топтар жұмыс істейді. Арнайы қосымша арқылы қолдауға мұқтаж жандар туралы мәлімет Отбасын қолдау орталығына жіберіледі. Сондай-ақ өтініштер «111» бірыңғай байланыс орталығы арқылы да қабылданады. Бұл жүйе тұрғындардың аудан орталығына бармай-ақ қажетті әлеуметтік қызметтерді алуына мүмкіндік береді. Бұл туралы Қызылжар аудандық Отбасын қолдау орталығының директоры Оралқан Қаржау айтып кетті.
СНХР: ОРАЛҚАН ҚАРЖАУ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНДЫҚ ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Форумда көтерілген бастамалар әлеуметтік саланың тиімділігін арттырып, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға және тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған. Сарапшылардың пікірінше, мұндай шешімдер алдағы уақытта әлеуметтік қолдауды бұрынғыдан да жедел әрі ашық етуге мүмкіндік береді.