Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алешка Симкич пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілі доктор Скендер Сыла келді. Кездесуде өңірдің денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту бағыттары талқыланды.

Жиында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өз сөзінде денсаулық сақтау саласын дамыту әрқашан ерекше назарда тұратын басты басымдықтардың бірі екенін атап өтті.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Тараптар әсіресе халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру ісіне баса назар аударды. Сондай-ақ, өңірдегі емдеу мекемелеріне заманауи халықаралық тәсілдерді енгізу және саланың қазіргі заманғы сын-қатерлер мен жаһандық қауіптерге тұрақтылығын күшейту мәселелері сөз болды.

СНХ: АЛЕШКА СИМКИЧ, ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕЛШІСІ

Айта кетейік, өңір мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы ынтымақтастық ұзақ уақыттан бері жалғасып келеді. Айта кетсек, соңғы екі жылда Франциямен бірлесіп телемедицина жобалары жүзеге асқан. 

СНХ: СӘКЕН ӘМРИН, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілі доктор Скендер Сыла өңір басшысына «Салауатты қалалар» атты бастаманы енгізу туралы ұсынысын айтты. Бұл жоба қазіргі таңда Еуропалық Одақтың 100-ден астам қаласында сәтті жүзеге асырылып келеді екен. 

СНХ: СКЕНДЕР СЫЛА, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨКІЛІ, ДОКТОР

Сонымен қатар, сапар барысында ДДСҰ мамандары өңірдегі емдеу мекемелерінің жұмысына мониторинг жүргізуде. Халықаралық сарапшылар жергілікті жүйені зерделеп, озық тәжірибелермен бөліседі.