Тайынша ауданы Озерное елді мекені қудалауға ұшыраған поляктардың тарихымен ғана емес, рухани маңызы бар мекен ретінде де танымал. Мұнда Қазақстанның киелі орындарының қатарына енген «Бейбітшілік патшайымы» ғибадатханасы орын тепкен. Оның басты құндылығы - әлемдегі санаулы «Бейбітшілік алтарінің» бірі - «Қазақстан жұлдызы» орналасқан.

Бірер жыл бұрын Озерноеда киіз үй пішінінде салынған бірегей ғибадатхана бой көтерді. Оның басты ерекшелігінің бірі – төрінде орналасқан қазақ әйелінің бейнесі салынған «Ұлы Дала Анасы» иконасы. Туындының авторы – жергілікті суретші Досбол Қасымов. 2022 жылы Рим Папасы Франциск Қазақстанға жасаған апостолдық сапары кезінде оны дәріптеп, қасиетті деп жариялады. Содан бері ғибадатханаға Қазақстанның ғана емес, әлемнің әр түкпірінен келетін зияратшылар мен туристердің қатары көбейген.

СНХ: РАФАЛА КИСЕЛЬ, ҒИБАДАТХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ