Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу полиция қызметінің басты бағыттарының бірі болып қала береді. Әсіресе, бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын, ішімдікке салынып, кәмелетке толмағандардың дамуына кері әсер ететін отбасыларға ерекше назар аударылуда.

Жыл басынан бері дәл осындай екі жүзге жуық азамат жауапкершілікке тартылды. Мамандардың айтуынша, отбасылық жанжалдарға көбіне ішімдікке тәуелділік, қызғаныш, опасыздық пен материалдық қиындықтар себеп болады. Тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандар құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

СНХ: ӘСЕМ ІЛИЯСОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПБ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ