Жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай орталық алаңда жастардың қатысуымен флешмоб ұйымдастырылып, қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйланды. Сонымен қатар, қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен патриоттық концерттік бағдарлама өтіп, онда отансүйгіштік рухты дәріптейтін әндер мен шығармашылық нөмірлер көпшілік назарына ұсынылды.
Орталық алаңда өткен іс-шара аясында Жастар ресурстық орталығының мамандары, оқушылар және өзге де ұйымдардың өкілдері қатысуымен патриоттық флешмоб ұйымдастырылды. Қатысушылар қолдарына көк түсті шарлар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын ұстап, жүрек пішінінде сап түзеп, көпшілікке әсерлі әрі көркем көрініс ұсынды.
ЛАУРА ҚАСЕНОВА, СҚО ӘКІМДІГІ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Кейін алаңға жиналған тұрғындарға қалалық мәдениет ұйымының ұйымдастыруымен мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Концерт барысында елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты дәріптейтін әндер шырқалып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
МҰХАМЕДӘЛИ ИСПАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ
Іс-шараға жүзге жуық адам қатысып, тұрғындар мерекелік концертті зор ықыласпен тамашалады.