Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ақын, аудармашы, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Зейнолла Рамазанұлы Әкімжановтың 75 жылдығына арналған «Ақиқаттан айнымаған ақын» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Рухани жиынның мақсаты – қаламгердің әдеби мұрасын насихаттап, шығармашылық жолын ғылыми тұрғыдан зерделеу және ұлттық әдебиет пен журналистикадағы орнын айқындау.

Конференцияға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, ғалымдар, әдебиеттанушылар, журналистер, өлкетанушылар, мәдениет қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты. Жиын барысында Зейнолла Әкімжановтың қазақ әдебиеті мен руханиятына қосқан елеулі үлесі ерекше аталып өтті.

СНХР: СЕРІК НЕГИМОВ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Сондай-ақ конференция аясында «Ақиқаттан айнымаған ақын» атты Зейнолла Әкімжанов туралы естеліктер жинағының тұсауы кесілді. 

СНХР: ҒАЛЫМ ЖАЙЛЫБАЙ – АҚЫН, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ

Кеш барысында ақынның поэзиясы, прозасы, аудармашылық және журналистік қыры жан-жақты сараланды. Баяндамашылар қаламгер шығармаларының көркемдік ерекшеліктеріне тоқталып, оның ұлттық әдебиеттегі орны мен шығармашылық мұрасының бүгінгі рухани кеңістіктегі маңызына тоқталды.