Астанада 2014-2015 жылдары туған жасөспірім қыздар арасында волейболдан Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. Дүбірлі додада Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғаған «Қуаныш» волейбол клубының спортшылары жоғары дайындық үлгісін көрсетіп, өңір қоржынына қола жүлде салды. Чемпиондарды теміржол вокзалынан жақындары қарсы алды. 

Еліміздің бас қаласында өткен біріншілікке еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 22 команда қатысты. Тартысқа толы бәсекеде «Қуаныш» волейбол клубының қыздары төрт топтың біріне жайғасып, алғашқы бес кездесуде қарсыластарын шаң қаптырды. Осылайша, жерлестеріміз ширек финалға нық қадаммен жолдама алды. 

Снх: ЕЛЕНА ЧУМАНОВА, ВОЛЕЙБОЛДАН СҚО ҚҰРАМАСЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ

Үшінші орын үшін болған таласта команда капитаны да бұл доданың оңай болмағанын айтады.

Снх: КИРА ЛЕМЕШЕНКО, КОМАНДА КАПИТАНЫ

Бұл қыздардың ел чемпионатындағы алғашқы үлкен қадамы. Осы додаға дайындалу үшін жас спортшылар екі жыл бойы аянбай тер төккен. Ресей Федерациясында және Қазақстан қалаларында өткен турнирлерде шыңдалып, чемпионат алдында күніне екі мезгіл оқу-жаттығу жиындарын өткізген. Маусымның 23-і күні жолға шыққан волейболшылар 9 күн бойы алаңда аянбай өнер көрсетті. Ендігі мақсат келесі турларда нәтижені одан сайын жақсартып, алтынға қол жеткізу.