Еліміздің Ата заңы мемлекеттік басқару мен қоғамдық қатынастардың негізгі қағидаттарын айқындайтын маңызды құжат саналады. Бұл тарихи құжат елдің құқықтық негізін жаңартып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтерді. Жаңа Конституцияның күшіне енуі – Қазақстанның демократиялық дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі.
Ата заң елдің құқықтық жүйесінің негізін айқындап, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретінде қызмет етеді. Құжатта мемлекеттің басқару қағидаттары мен қоғамдық қатынастардың басты бағыттары белгіленген. Конституция елдегі заң үстемдігін қамтамасыз етіп, мемлекеттік институттардың қызметіне негіз болады. Ата заңның қағидаттары Қазақстанның тұрақты дамуы мен құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуына бағыт -бағдар береді.
ДАРИҒА СМАЙЫЛОВА, «ЖАСТАР АССАМБЛЕЯСЫ» РҚБ СҚОФ ТӨРАЙЫМЫ