Қаладағы жаңа экопарк тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналып келеді. Мұнда аумақ толықтай абаттандырылып, жүздеген көшет отырғызылған. Балалар ойын алаңдары, серуендеуге арналған жолақтар, демалыс аймақтары мен жағажай жабдықталған. Жағалауға келгендердің пікірінше, жаңа демалыс орны барлық жас санатына қолайлы.
Таңғы уақыттың өзінде көл жағасында адам қарасы қалың. Бірі күнге қыздырынса, енді бірі салқын суға шомылып жүр. Демалушылар арасында бұл жерге арнайы алыстан келгендер де бар. Солардың бірі – Елена Григорьева. Ол кезінде осы қалада тұрғанын, ал бүгінде Мәскеу облысынан туысын күтуге келгенін айтады. Балалық шағында дәл осы көлде шомылғанын еске алған мейман қаланың, әсіресе көл жағасының адам танымастай өзгергеніне тәнті.
СНХ: ЕЛЕНА ГРИГОРЬЕВА
Жаңартылған жағажай қала тұрғындарының көңілінен шыққан. Олардың айтуынша, мұнда жайлы демалыс үшін барлық жағдай жасалған.
Жобаны жүзеге асыруға 2 миллиард 800 миллион теңге жұмсалды. Қаражатқа экопарк аумағы толық абаттандырылып, автотұрақ, жарықтандыру жүйесі мен демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нысандар салынды.