Патриот болу - бұл Отаныңа, отбасыңа және таңдаған кәсібіңе адал қызмет ету. Кәсіби мереке қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдарының бірқатар үздік өкілдері марапатталды. Сала қызметкерлеріне көпжылдық нәтижелі еңбегі мен кәсібилігі үшін алғыс білдіріліп, жаңа пәтерлердің кілттері табыс етілді. Бұл - мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау мен еңбекті жоғары бағалаудың айқын белгісі. Марапатталғандардың қатарында «Qyzyljar» телеарнасының компьютерлік графика жөніндегі жетекші дизайнері Тимур Рахматулин де бар. Әріптесімізді қоныс тойымен телеарна ұжымы да құттықтады.
Мұндай ауқымды әлеуметтік қолдау «Qyzyljar» телеарнасының тарихында тұңғыш рет көрсетіліп отыр. Үш бөлмелі пәтердің иесі атанған қызметкерді құттықтауға шығармашылық ұжым мен арна басшылығы жиналды.
Осындай қуанышты сәтте Тимур Рахматулин толқынысын жасыра алмады. Ол бұл сәтті көптен күткенін, алайда дәл осындай арманындағы сый болатынын күгпегенін жеткізді.
СНХР: ТИМУР РАХМАТУЛИН, «QYZYLJAR» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА ЖӨНІНДЕГІ ЖЕТЕКШІ ДИЗАЙНЕРІ
Тимур Рахматулин - өз ісінің білікті маманы. Телеарнаның бүкіл компьютерлік дизайны мен эфирлік безендірілуі тікелей осы маманның еңбегі. Ол аталған студияда 10 жылға жуық үздіксіз еңбек етіп келеді. Осы уақытқа дейін ол отбасымен бірге жатақханада тұрып келген еді.
СНХР: ТИМУР РАХМАТУЛИН, «QYZYLJAR» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА ЖӨНІНДЕГІ ЖЕТЕКШІ ДИЗАЙНЕРІ
Енді тұрмыстық мәселе толық шешілді. Заманауи үлгіде салынған кең, үш бөлмелі пәтер «Жас Өркен» шағын ауданында орналасқан. Терезесінен Пестрое көлі мен экосаябақ көрінеді. Баспана толығымен қажетті жиһаздармен жабдықталған.
СНХР: РАЗИЯ ЫДЫРЫСБАЕВА, «QYZYLJAR» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Сапалы өнім жасау үшін, ең алдымен, кәсіби дағды мен шығармашылық қиял қажет», - дейді кейіпкеріміз. Алайда, адал еңбек лайықты бағаланған сәтте жұмысқа деген құлшыныс одан сайын арта түсері анық. Сондықтан да бұл марапат - жеке адамның ғана емес, бүкіл ұжымның еңбегіне берілген жоғары баға.