Петропавлда Достық үйінің алаңында «Эко-платформа: «Таза Қазақстан» интерактивті алаңы» атты экологиялық іс-шара өтті. Қала тұрғындарына арналған танымдық науқанның мақсаты – табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды насихаттау. Іс-шара барысында тұрғындар экологиялық тақырыптағы сұрақтарға жауап беріп, белсенді қатысқаны үшін арнайы сыйлықтарға ие болды.

Іс-шара барысында тұрғындар арнайы тақырыптық барабанды айналдырып, түскен кездейсоқ сұрақтарға жауап берді немесе экологиялық бағыттағы тапсырмаларды орындады. Бұл формат қатысушылардың қызығушылығын арттырып, олардың табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениет туралы білімдерін ойын түрінде толықтыруға мүмкіндік берді.

МАРЬЯНА ОВЧИННИКОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында мұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Олар тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны таза ұстауға үндейді.

АЛМАГҮЛ ҒАББАС, СҚО ІСБ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ:

Іс-шара барысында сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды сәтті орындаған тұрғындарға тәтті сыйлықтар табысталды.