Жазғы демалыс кезінде полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды күшейтті.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында жасөспірімдер жасаған қылмыстардың саны азайып келеді. Ал жаздың алғашқы айында олардың қатысуымен бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ.

Осы мақсатта 18–20 маусым аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Рейд барысында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға баса назар аударылды. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша 16 ата-ана, ал 442-бабы бойынша 96 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, полицияның профилактикалық есебіне 6 кәмелетке толмаған және 9 ересек азамат қойылды.