БАҚ қызметкерлері құрметке бөленді. С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында облыс әкімі БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құтықтап, олардың қоғамдағы маңызды рөлін ерекше атап өтті. Мерекелік іс-шара аясында ақпарат саласының дамуына үлес қосып жүрген 59 қызметкер марапатталды. Марапатқа бөленгендердің қатарында әріптестеріміз, «Қызылжар» телеарнасының қызметкерлері де бар.
Қоғамның айнасы, уақыттың шежіресін жазып, халық пен биліктің арасындағы алтын көпірге айналған журналистер қауымының кәсіби мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тілшілердің еңбегін жоғары бағалап, мерекемен құттықтады.
Снх: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ:
Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2026 жылы БАҚ қызметкерлеріне жалпы саны 66 пәтер берілді. 15-і Астанада, 15-і Алматыда және тағы 36 пәтер алғаш рет өңірлік телеарналарда еңбек ететін қызметкерлерге табысталды. Салтанатты рәсімде жаңа пәтердің кілті «Qyzyljar» телеарнасының компьютерлік графика бойынша жетекші дизайнері Тимур Рашидұлы Рахматулинге берілді. Бұл – ұзақ жылдар бойы ақпарат саласында еңбек етіп келе жатқан маман үшін ғана емес, жалпы өңір журналистикасы үшін де ерекше оқиға болды.
Снх: ТИМУР РАХМАТУЛИН, «QYZYLJAR» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА БОЙЫНША ЖЕТЕКШІ ДИЗАЙНЕРІ
Кәсіби мереке қарсаңында Астана қаласында өткен отандық бұқаралық ақпарат құралдарының үздік өкілдерін салтанатты марапаттау рәсімінде Солтүстік Қазақстан облысының құрметті журналисі, «Soltüstik Qazaqstan» газетінің қоғамдық-саяси бөлімінің жетекшісі Өмір Есқали жоғары мемлекеттік награда - «Құрмет» орденімен марапатталды. Ол бұл марапатты Мемлекет басшысының қолынан алып, көпжылдық кәсіби еңбегінің жоғары бағасына ие болды.
Снх: ӨМІР ЕСҚАЛИ, СҚО ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ:
Марапат алғандардың қатарында өмірінің қырық жылға жуық уақытын телевизияға арнаған өз ісінің хас шебері, «QYZYLJAR» телеарнасының аға режиссері Ирина Купина да бар. Ол «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Марапат иелері бұл құрметті қоғам алдындағы жауапкершілік пен адал қызметтің бағасы деп қабылдайтындарын жеткізді. Кәсіби мереке ақпарат саласы өкілдері үшін жаңа жетістіктерге бастайтын жарқын белеске айналды.