Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы елімізде қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және өңірлерді абаттандыру бағытындағы ең ауқымды қозғалысқа айналды. Бұл жоба тек тазалық акциясы ғана емес, қоғамның экологиялық санасын жаңғыртуды көздейді.

Осы орайда, Солтүстік Қазақстан облысында бағдарламаны жүзеге асыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биылғы жылдың тек бірінші жартыжылдығының өзінде өңірдегі Жастар ресурстық орталығы мен еріктілер клубтарының ұйытқы болуымен 260-тан астам ауқымды іс-шара өткізілді.

СНХ: МАДИНА ИСМАИЛОВА, «ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ» КММ БӨЛІМ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ