Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы адамдардың күнделікті өмірін жеңілдетіп, көптеген мүмкіндіктерге жол ашты. Алайда бұл өзгерістермен қатар интернет кеңістігінде алаяқтық әрекеттері де көбеюде. Қазіргі таңда интернет-алаяқтық қоғамдағы ең өзекті әрі кең таралған қылмыс түрлерінің біріне айналып отыр.
Алаяқтардың кім екенін анықтап, олардың нақты орналасқан жерін табу оңай емес. Себебі олар заманауи алаяқтық тәсілдерін қолданып, интернет кеңістігінде жасырын әрекет етеді. Сондықтан бүгінгі таңда халықтың қаржылық сауаттылығының маңызы артып келеді. Әрбір азамат алаяқтардың айла-тәсілдерін танып, кең таралған алаяқтық схемаларын біліп, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауы қажет. Жыл басынан бері облыста интернет-алаяқтықтың 247 дерегі тіркеліп, келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 600 миллион теңгеден асты.
МИЛЕНА БАЛАЦКАЯ, СҚО ПД КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ