Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Айыртау және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда болды. Саумалкөл мен Новоишимское ауылдарында қайта жаңғыртудан өткен теміржол вокзалдары пайдалануға берілді. Сонымен қатар өңір басшысы инфрақұрылымдық, инвестициялық және әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты..
Антоновка ауылындағы «Борисфен» ЖШС базасында жалпы құны 2 миллиард теңгені құрайтын екінші тауарлы-сүт фермасының құрылысы жүргізілуде. Жоба 400 бас голштин тұқымды ірі қара малға арналған.
СНХР: ВЯЧЕСЛАВ КИМ, ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Шикізат Антоновка ауылында орналасқан «Shaiyr Agro» ЖШС кәсіпорнында өңделетін болады. Мұнда биыл қыркүйек айында дайын өнім шығаратын заманауи сүт өңдеу цехын іске қосу жоспарланған. Облыс әкімі кәсіпорынның жұмысымен танысты.
Ал Кутузовка ауылында «Север Агро LTD» ЖШС құрғақ бие сүтін өндіретін ферма жұмыс істеп тұр.
Аудан орталығы Саумалкөлде орталық стадионның құрылысы қарқынды жүргізілуде. Спорт нысанында футбол алаңы, жүгіру жолы, көрермендерге арналған трибуна, баскетбол алаңы және өзге де спорт түрлеріне арналған орындар болады деп күтілуде.
Өңір басшысы алты жылдан астам уақыт пайдаланылмаған жаңа қазандықты жөндеу жұмыстарымен де танысты.
Бұдан бөлек Саумалкөлде кәріз-тазарту құрылыстары қайта жаңғыртылып, орталық саябаққа ауқымды реконструкция жүргізілуде. Жобаның жалпы құны – 150 миллион теңге. Жұмыстар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылып жатыр.
Айыртау ауданында Қазақстандағы бірегей білім беру ұйымдарының бірі орналасқан. Мұнда жүзу бассейні, тир және амфитеатр бар.
Ғауез Нұрмұхамбетов Саумалкөл ауылындағы мектеп-гимназияға жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Өңір басшысы құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуын және белгіленген мерзімнің қатаң сақталуын тапсырды. Ал аудан тұрғындары үшін маңызды оқиғалардың бірі – күрделі жөндеуден өткен теміржол вокзалының қайта ашылуы болды.
СНХР: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде «Саумалкөл» теміржол вокзалы толық жаңарып, жолаушыларға қолайлы әрі заманауи инфрақұрылыммен жабдықталды. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында еліміз бойынша 124 теміржол вокзалын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда.
ЖӘНІБЕК ТАЙЖАНОВ, ҚР КӨЛІК ВИЦЕ-МИНИСТРІ
Ал «Ботай» археологиялық ескерткіші аумағында Қазақстанның әр өңірінен және шетелден келген қонақтардың басын қосқан этнофестиваль өтуде.
Өңір басшысы фестиваль алаңдарын аралап, іс-шара бағдарламасымен танысты. Ол фестивальдің тарихи-мәдени мұраны дәріптеу, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және туризмді дамытудағы маңызын атап өтті. Сондай-ақ Ғауез Нұрмұхамбетов «Ботай» археологиялық базасының модульдік ғимаратының құрылыс барысымен танысты. Жаңа нысан археологтардың жұмысына, ғылыми зерттеулер жүргізуге және Ботай мәдениетінің бірегей тарихи мұрасын сақтауға заманауи жағдай жасайды.
ГҮЛНАРА МҰҚЫШЕВА, СҚО МУЗЕЙЛЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Ғауез Нұрмұхамбетов ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен және тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Айыртау ауданының одан әрі дамуы, аграрийлерді қолдау, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
МЕЙРАМ МЕҢДІБАЕВ, АЙЫРТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Кездесу барысында аудан тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі азаматтар жолдардың сапасы мен бірқатар нысандарда пандустардың жоқтығына шағымданды.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Одан кейін облысы әкімінің жұмыс сапары Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда жалғасты. Ғауез Нұрмұхамбетов Новоишимское ауылында орналасқан Қазақстандағы алғашқы цифрлық музейдің жұмысымен танысты.
Бұл – заманауи цифрлық технологиялар мен өңірдің бай тарихи-мәдени мұрасын ұштастырған бірегей жоба. Сондай-ақ аудан орталығында қайта жаңғыртудан өткен «Жаңаесіл» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Қайта жаңғырту барысында вокзал ғимараты мен инженерлік инфрақұрылымы кешенді түрде жаңартылды. Ғимараттың қасбеті мен ішкі бөлмелері жөнделіп, айналасы абаттандырылды. Жолаушыларға, оның ішінде жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасалды. Жаңартылған вокзалдар қауіпсіздік, қызмет көрсету сапасы және қолжетімділік талаптарына толық сәйкес келеді.