Петропавл қаласында қала әкімі Серік Мұхамедиевтің тұрғындармен есептік кездесуі өтті. Басқосуда қала тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін жеткізуге мүмкіндік алды. Кездесу барысында шаһар басшысы жүзеге асырылып жатқан жобалар, инфрақұрылымды дамыту және қаланы абаттандыру бағытындағы жоспарлар туралы баяндады. 

Кездесу барысында Петропавл қаласының әкімі облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарына тоқталды. Атап айтқанда, жаңа өндіріс орындарын іске қосу, инвестиция тарту, тұрғын үй құрылысы, көлік инфрақұрылымын жаңғырту және қаланы абаттандыру жұмыстары сөз болды. Сонымен қатар Серік Мұхамедиев «Қопай» шағын ауданын дамытуға ерекше назар аударды. Мұнда тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және қажетті инженерлік инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталған кешенді жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.

СНХ: СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Биыл «Қопай» шағын ауданында облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының құрылысы басталады. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін жылына 170 мыңға дейін шақыртуды қабылдай алады. Бұл өңір тұрғындары үшін шұғыл медициналық көмектің қолжетімділігін едәуір арттырмақ. Кездесу барысында тұрғындар жергілікті маңызы бар мәселелерді де көтерді. Атап айтқанда, жолдардың жай-күйі мен аулаларды абаттандыру жайы сөз болды. Соның бірі – Уәлиханов көшесі, 1/7 мекенжайындағы үйдің ауласындағы балалар ойын алаңы. ПИК төрағасы ойын алаңын жөндеуді сұрады. Оның айтуынша, тұрғындардың өтініші бойынша бірқатар жұмыстар атқарылғанымен, балалар алаңы әлі де жөндеуді қажет етеді.

СНХ: БАҚЫТ ТӨКЕНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ          

СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Кездесуде тұрғындар тек өзекті мәселелерді ғана көтеріп қоймай, қалада атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын да білдірді. Кейбір азаматтар бұрын көтерілген мәселелердің оң шешімін тапқаны үшін әкімге арнайы алғыс айтуға келген.

Есептік кездесуден кейін Серік Мұхамедиев азаматтарды жеке қабылдады. Тұрғындар өздерін толғандырған жеке мәселелер бойынша өтініштерін жеткізіп, сауалдарына нақты жауап ала алды. Кездесуде көтерілген барлық ұсыныс пен өтініш бақылауға алынды.