Тайынша ауданында 1958 жылдан бері алғаш рет күрделі жөндеу көрген теміржол вокзалы қайта ашылды. Ғимараттың іргетасынан басқа ішкі-сыртқы жүйелері толығымен жаңартылып, заманауи талаптарға сай бейімделген. Маңызды нысанның ашылу салтанатына өңір басшысының орынбасары Нұрлан Кеңесов қатысып, бұл жұмыстар Мемлекет басшысының көлік инфрақұрылымын дамыту тапсырмасы аясында атқарылғанын атап өттІ. 

Тайынша ауданында қайта жаңғыртылған теміржол вокзалы қолданысқа берілді. Ғимарат 1958 жылы ашылған. Содан бері тек ағымдағы жөндеу жұмыстары ғана жүргізіліпті. Сенбі күні станцияның ашылу салтанаты өтті. Шараға аймақ басшысының орынбасары Нұрлан Кеңесов қатысты.

НҰРЛАН КЕҢЕСОВ, СҚО әкімінің орынбасары:

Бұл теміржол вокзалының Тайынша ауданы тұрғындары үшін маңызы зор. Себебі, станция арқылы күніне ондаған адам еліміздің түкпір-түкпіріне қатынайды. "Сондықтан оларға бар жағдай жасалуы қажет", - дейді "Тайынша" теміржол бекетінің бастығы Ержан Рахимов.

ЕРЖАН РАХИМОВ, "Тайынша" теміржол бекетінің бастығы, Тайынша ауданы:

Ашылу салтанаты аяқталғаннан кейін Нұрлан Кеңесов теміржол вокзалының тыныс-тіршілігімен танысты. Бүгінде нысан адам танымастай өзгерген. Инженерлік желілері, қасбеті мен ішкі бөлмелері жаңартылыпты. Сонымен қатар, аумақ толығымен абаттандырылған. Айта кету керек, маңызды іспен жергілікті серіктестік айналысты.

ЖАНАТ ЖҰМАҒҰЛОВ, "Big Town Engineriing" ЖШС директоры, Тайынша ауданы:

Теміржол вокзалында жолаушыларға бар жағдай жасалған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы орындар бар. Бүгінде нысан қауіпсіздік және қызмет көрсету сапасы бойынша заманауи талаптарға сай келеді. Бұл сөзімізді Тайынша ауданының тұрғындары да растап отыр.

Айта кету керек, қазіргі таңда республика бойынша 124 теміржол вокзалы қайта жаңғыртылуда.