Тұтынушылардың құқықтарын қорғау – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Бұл саладағы заң талаптарын сақтамаған кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапкершілік қарастырылған. 2025 жылы енгізілген өзгерістерден кейін тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органдардың өкілеттігі кеңейтілді.

Қазіргі таңда уәкілетті органдар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 157, 190 және 193-баптары бойынша әкімшілік істерді қарайды. Бұл нормалар жалған жарнама тарату, тұтынушыларды алдау, тауарды айырбастау мен қайтару талаптарын сақтамау, сондай-ақ сауда саласындағы өзге де заң бұзушылықтар үшін жауапкершілікті көздейді. Енді осы баптардың негізгі талаптарына тоқталайық.

СНХР: ҒАЛЫМЖАН ІЛИЯСОВ, СҚО БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Заңнамада тұтынушыларды жаңылыстырғаны үшін ғана емес, олардың құқықтарын бұзатын өзге де әрекеттер үшін жауапкершілік белгіленген. Атап айтқанда, тауарды айырбастау немесе қайтару тәртібін сақтамау, тұтынушының жазбаша наразылығына белгіленген мерзімде жауап бермеу және құқықтарын қорғауға қатысты ақпаратты орналастырмау да әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.

СНХР: ҒАЛЫМЖАН ІЛИЯСОВ, СҚО БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Сонымен қатар заңнамада сауда нысандарындағы баға белгілеу талаптары да нақты регламенттелген. Сөредегі және кассадағы бағаның сәйкес келмеуі немесе бағаның теңгемен көрсетілмеуі үшін де әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.