Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық жерлерінде өсімдік шаруашылығы да, мал шаруашылығы да қатар дамып келеді. Жаз мезгілі - құрылыс, жөндеу және жаңғырту уақыты. Мәселен, Мағжан Жұмабаев ауданындағы жергілікті фермер механикаландырылған қырман салып, шаруашылық құрылыстарын әрі қарай дамытуда.

«Станица» шаруа қожалығында қой мен шошқа өсіріліп, алқаптарда дәнді дақылдар бапталады. Кәсіпкер жергілікті тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсетіп, ауылды абаттандыруға да өз үлесін қосып келеді. Тікелей танаптан келетін дәнді қабылдау, өңдеу және дайындауға арналған арнайы жабдықталған кешеннің құрылысы ауыл шаруашылығы құрылымының тиімді жұмыс істеуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар мұнда таразы бөлмесінің құрылысы да басталды.

СНХ: АНАТОЛИЙ ДМИТРИЕВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ