Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы Әбілғазы Құсайынов келді. Өңірдің ардагерлер активімен өткен кездесуге аудандық ардагерлер кеңестерінің төрағалары, облыс әкімдігі мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиында өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайтуға бағытталған «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» жобасы таныстырылды.
Жоба аясында жастарға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, аға буынның өмірлік тәжірибесін насихаттау және ұрпақтар арасындағы байланысты күшейту көзделген. Басқосуда ардагерлер ұйымдарының қоғамдағы рөлі мен жастар тәрбиесіндегі орны кеңінен қозғалды.
СНХР: САЙРАН БАЙДАЛИНА, ТИМИРЯЗЕВ АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ