Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік органдардың жұмысын және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ететін 4 мыңнан астам мемлекеттік қызметші еңбек етеді. Петропавлда Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиын өтті. Адал еңбегі мен саланың дамуына қосқан үлесі үшін 30 адам медальмен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Салтанатты жиын Петропавл қаласының Креативті орталығында өтті. Қатысушыларды облыс әкімі аппаратының жетекшісі Руслан Әлішев құттықтады. Ол мемлекеттік қызметтердің сапасы, билік институттары жұмысының тиімділігі және елдің табысты дамуы дәл осы мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігіне байланысты екенін атап өтті. Іс-шараға 200-ден астам адам қатысты.
СНХР: ДАРХАН ХАЙРУЛЛИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Іс-шара барысында 30 мемлекеттік қызметші марапаттарға ие болды. Адал еңбегі мен мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкерлер өңір басшысының Құрмет грамотасымен марапатталды, олардың қатарында Мағжан Жұмабаев ауданының Полудин ауылдық округінің әкімі Мәдениет Қалиев те бар.
СНХР: МӘДЕНИЕТ ҚАЛИЕВ, ПОЛУДИН АУЫЛДЫҚ ОУРІГІНІҢ ӘКІМІ, М.ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫ
Сонымен қатар, салтанатты жиында мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарына, осы саланың дамуына еңбегі сіңген ардагерлерге ерекше құрмет көрсетілді.