Петропавл қаласында ғылыми-шығармашылық «Мағжан оқулары» байқауының қорытынды республикалық кезеңі өтуде. Оған еліміздің барлық өңірінен келген 8-11 сынып оқушылары қатысуда. Соңғы үш жылда байқауды Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Білім басқармасының қолдауымен «Қызылжар дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырып келеді. Дәстүрлі дода 23-25 маусым аралығында өтеді.

«Мағжан оқулары» байқауы 2004 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Оның басты ерекшелігі – дәстүрлі түрде қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Мағжан Жұмабаевтың туған жері – Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында ұйымдастырылуы. Байқау бұған дейін Мағжан Жұмабаев шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу, ақынның шығармашылығына арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғау және ақындар сайысы бойынша өтсе, биыл бұл қатарға тағы бір жаңа номинация қосылды.

СНХР: БАҚЫТ ҒАБДУЛЛИНА – «ҚЫЗЫЛЖАР ДАРЫНЫ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Биылғы байқауға еліміздің барлық облыстарынан 65 қатысушы келді. Солардың бірі – Абай облысынан келген Нәзік Қуанышева. Ол бұған дейін де түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Ал республикалық деңгейдегі додаға алғаш рет қатысып отыр.

СНХР: НӘЗІК ҚУАНЫШЕВА – БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ, АБАЙ ОБЛЫСЫ

Қатысушылар үшін үш күн бойы мәдени-танымдық және ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен және бағалы естелік сыйлықтармен марапатталады.