Петропавл қаласының орталық алаңында Қазақстан Республикасы Полиция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ардагерлер, қоғам өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Сондай-ақ жиын барысында полиция қызметкерлерінің ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі еңбегі атап өтіліп, бірқатар мамандар арнайы марапатталды.
Мерекелік бағдарлама жаңа қызметтік автокөліктердің кілттерін табыстау рәсімімен басталды. Іс-шара аясында облыстың мемлекеттік мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға арналған арнайы көліктер берілді. Оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментіне 100 қызметтік автокөлік пен 4 квадроцикл тапсырылды. Сонымен қатар орман шаруашылығы саласына 51 трактор және өзге де қажетті құрал-жабдықтар табысталды.
Кілттерді табыстау рәсімінен кейін Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің жеке құрамы салтанатты сапқа тұрғызылды. Жиынға облыс басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлері, полиция қызметкерлері, қоғам өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Сондай-ақ, облыс әкімі Ғауез Торсанұлы ел қауіпсіздігін күзеткен тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қоғамдағы маңызды рөліне тоқталды.
Салтанатты жиын барысында қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген бірқатар тәртіп сақшысы марапатталды. Құрмет грамоталарын өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов пен Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов табыстады. Құрметке бөленгендердің қатарында ювеналдық полиция бөлімшесінің аға испекторы - Динара Мұқанова да бар. Ол жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында еңбек етіп, ішкі істер саласында сегіз жылдан бері қызмет атқарып келеді.
СНХР: ДИНАРА МҰҚАНОВА, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЮВЕНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
Мерекелік бағдарлама өңірдің шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздарының концертіне ұласты. Сонымен қатар, салтанатты кештің арнайы қонағы ретінде қазақстандық эстрада әншісі Мұқасан Шахзадаев өнер көрсетті. Осылайша, кәсіби мерекеде тәртіп сақшыларына ерекше құрмет көрсетілді.