«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Петропавл қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің ауласында тұрғындарға арналған профилактикалық іс-шара өтті. Оған түрлі сала мамандары қатысып, қауіпсіздік пен құқықтық сауаттылық мәселелері бойынша ақпарат берді.
Кездесу барысында тұрғындарға тұрмыста және жаз мезгілінде сақталуы тиіс негізгі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Іс-шараға қауіпсіздік, білім беру және құқықтық сала мамандары қатыстып заңгерлер тұрғындарға тегін құқықтық көмек алу мүмкіндіктері жөнінде кеңес берді. Сондай-ақ жиында балалар қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Мамандар терезелерге қорғаныш құрылғыларын орнатудың маңызын түсіндіріп, өрт және басқа да төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету тәртібін еске салды.
СНХР: ДИНА ЖАПАРОВА , СҚО ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ
Іс-шара барысында тұрғындар үшін танымдық әрі ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Балалар түрлі ойындар мен байқауларға қатысып, сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ жас қатысушыларға балмұздақ таратылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды.
СНХР: ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА , М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай аула кездесулері алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Басты мақсат – тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.