СҚО-дағы Ольгинка және Сухорабовка ауылы тұрғындары күні бүгінге дейін лайланған құдықтың радиацияға толы суын тасып, ішіп келген. Басқа амалы жоқ еді. Екі қос елді мекен таза тіршілік нәрін тұтына бастады. Таза ауызсу жобасына бюджеттен 1 млрд теңгеден астам қаржы бағытталып, орталықтандырылған құбырға қосылды. 

Шал ақын ауданына қарасты Ольгинка ауылының тұрғындары судың да сұрауы бар екенін жақсы түсінеді. Өйткені олар соңғы жылдары амалдың жоқтығынан тіршілік нәрін құдықтан тасып, тұтынуға мәжбүр болған. Ал оның сапасы сын көтермейтін. Халықтың көптен күткен арманы орындалып, өркениет игілігіне қол жеткізді.  

ЕЛЕНА СЕЛИВЁРСТОВА – ОЛЬГИНКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Сухорабовка мен Ольгинка ауылы халқы тұтынып келген судың радиациялық көрсеткіштері жоғары екенін тексерген мамандар дәлелдеді. Артынша мұндағы құдықтар консервацияланды. Қазынадан 1 миллиардтан астам теңге бөлініп, қос елдімекен Көкшетау топтық құбырына қосылып, орталықтандырылған су жүйесімен қамтылды. 

АЛЕКСАНДР ЕРЕЖЕПОВ – ОЛЬГИНКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Бүгінде аймақта 590 ауыл бар. Мемлекет басшысының тапсырмасымен олардың барлығы тіршілік нәрімен қамтылды. Жауаптылардың сөзінше, енді инфрақұрылымдар жаңартылады. 

БЕРІК ТӨРЕБЕКОВ – ЭТКШ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Өңірдегі ауылдар сумен қамтылса да, мәселе әлі өткір. Сондықтан мамандар оны кезең-кезеңмен шешуді жоспарлап отыр.