Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 2026 жылғы қабылдау науқанына арналған брифинг өтті. Жиында талапкерлер үшін жаңа оқу жылындағы мүмкіндіктер, құжат тапсыру тәртібі және халықаралық бағдарламалар кеңінен таныстырылды.
Брифингке университеттің академиялық және әкімшілік өкілдері қатысып, талапкерлерге арналған негізгі бағыттар мен мерзімдерді баяндады.
СНХ: АЙГҮЛ НҰРПЕЙІСОВА, АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА МҮШЕСІ
Университет өкілдерінің айтуынша, құжат қабылдау 20 маусымда басталады. Шығармашылық бағыттар бойынша өтініштер 7 шілдеге дейін қабылданса, грант конкурсына құжаттар 13–20 шілде аралығында тапсырылады. Қабылдау науқаны 25 тамызға дейін жалғасады.
СНХ: ГҮЛМИРА ОСПАНОВА, ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ РЕКРУТИНГ КЕҢСЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Брифингте ерекше назар халықаралық білім беру жобаларына ауды. Қозыбаев университеті АҚШ-тың Аризона университетімен бірлесіп қос диплом бағдарламаларын жүзеге асырып келеді.
СНХ: ӘСЕТ ЖЕҢІСОВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КАМПУС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
Қос диплом бағдарламасы студенттерге әлемдік деңгейдегі білім алуға мүмкіндік береді. Бағдарлама толық ағылшын тілінде оқытылады және Аризона университетінің цифрлық ресурстарына қолжетімділік беріледі. 2026 жылы бұл бағдарламаға 200 мемлекеттік грант бөлінді. Құжат қабылдау шілде-тамыз айларында өткізіліп, қорытынды қабылдау 28 тамызда аяқталады.