ТМД елдерінің қарулы күштері радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, әскери авиация қауіпсіздігі, заманауи қару-жарақтарды қолдану және аумақтарды минадан тазарту бағыттарында бірлескен іс-қимыл жүргізбек. Бүгін Астанада Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның қарулы күштері штаб бастықтары арадағы ынтымақтың жаңа бағыттарын талқылады. Қорғаныс министрлігі өкілдерінің айтуынша, саладағы байланыстың артуы өңірдегі қауіпсіздікті күшейтіп қана қомай, тараптардың әскери әлеуетін арттыра түседі. Жиында әскери саладағы әріптестікті одан әрі дамыту және өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған құжаттарға қол қойды. 


СНХ: ОЛЖАС ҚҰСАЙЫНОВ - ҚР ҚМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ