Петропавлда жастардың басын қосқан киберспорт турнирі өтті. Қатысушылар командалық тактикаға негізделген қарқынды ойын түрінде бақ сынады. Мұнда әрбір қателік жеңіліске әкелуі мүмкін, ал жеңіс стратегияға, шапшаңдыққа және команда мүшелерінің өзара үйлесімді әрекетіне байланысты. 

Турнирдегі матчтар тартысты өтті. Командалар террористер және арнайы жасақ ретінде екі топқа бөлінді. Бір тарап жарылғыш құрылғыны орнатуға тырысса, екінші тарап оның іске қосылуына жол бермей, қарсыласты тоқтатуға күш салды. Қатысушылар жарысқа әлеуметтік желілер арқылы тіркелген. Жалпы турнирге қаланың түрлі ойын қауымдастықтарынан құралған бес адамнан тұратын 14 команда қатысты.

СНХР: АЛДИЯР АРАС, ІС-ШАРАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ

Қатысушылар жарысқа алдын ала дайындалғандарын айтады. Олар тактикалық жаттығулар өткізіп, командалық үйлесімділікті жетілдіру арқылы үздік нәтиже көрсетуге және мықты қарсыластармен бәсекеге түсуге тырысқан.

СНХР: ТАМЕРЛАН МҰРАТ, BELYASHSQUAD КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ

СНХР: КИРИЛЛ ТАРАБУРОВ, CYBER LAB КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ

Турнир қорытындысы бойынша қатысушылар жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Әр ойын тартысты өтіп, командалар жеңіс үшін соңына дейін күресті.