Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Қызылжар ауданында болды. Өңір басшысы онда тарихи-мәдени нысандарды аралап, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысымен танысты. Одан соң аудан тұрғындарымен кездесті.
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Қызылжар ауданында болды. Алғаш аялдаған орын - Долматово ауылындағы Ақ Ирий қалашығы. Ғалымдар мен студенттер мұнда жыл сайын экспедия ұйымдастырылады. Игі дәстүр биыл да жалғасын тапты. Тарихшылар аталған мекенді V-ші ғасырға, дәлірек айтсақ, Сақ дәуіріне жатқызады. Бар ақпармен өңірге белгілі археолог Анатолий Плешаков бөлісті.
СНХ: АНАТОЛИЙ ПЛЕШАКОВ, ПРОФЕССОР
Ақ Ирий қалашығы 2004 жылдан бастап белсенді зерттеле бастаған. Тарихи орыннан осы күнге дейін қорғаныс шұңқырлары, қорғандар мен бекіністер табылған. Көне қаланың ауданы шамамен 25 шаршы метрді құрайды. Археологтардың сөзінше, мұнда ешкім білмейтін жұмбақ дүниелер көп. Айта кету керек, болашақта тарихи орынға келуші туристер санын арттыру мақсатында бірегей жоба қолға алынбақшы.
СНХ: МАРИЯ ЧИМИР, ҚОЗЫБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮЛЕГІ
Кейін облыс әкімі "Серебряный бор" жазғы сауықтыру лагерінде болды. Өңір жетекшісі демалып жатқан балалармен тілдесті, оларға жасалған жағдайды білді.
СНХ: ҚАЙРАТ ТОҚТАРОВ, "СЕРЕБРЯНЫЙ БОР" ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Лагерьде "Таза Қазақстан" акциясы мен "Заң және Тәртіп" тұжырымдамасы аясында да түрлі шаралар өтеді. Бүгін демалыс орнына тәртіп сақшылары келіп, ұл-қыздарға өздерінің жұмыстары жайлы айтып берді.
Қазіргі таңда Бескөл ауылында жаңа сквер салынуда. Жоба құны 180 млн теңгеге жуықтайды. Маңызды іспен жергілікті "RM Stone" серіктестігі айналысуда. Айта кету керек, демалыс орны тамызда қолданысқа беріледі.
Бұл - аудан орталығында салынып жатқан емхана. Халық үшін маңызды нысанның құрылысы былтыр қазанда басталған. Жоба құны 5 млрд теңгеден асып жығылады. Облыс әкімі жауаптыларға құрылыс жұмыстарын уақытылы аяқтап, сапаға баса назар аударуды тапсырды.
Көпті қуантқан қоныстой. Бүгін Бескөл ауылында 17 отбасыға су жаңа үйлердің кілті табысталды. Қуанышқа бөленгендердің арасында әлеуметтік осал топтағы жанұялар мен мемлекеттік қызметкерлер де бар.
Алдағы уақытта Бескөл ауылының шетінде сәндік өсімдіктер тәлімбағы салынады. Алыстан көз тартатын орынның аумағы 14 мың шаршы метрді құрайды.
Содан соң Ғауез Торсанұлы Бескөл ауылын жылумен қамтамасыз ететін орталық қазандыққа барды. Нысан 2024 жылы күрделі жөндеуден өткен. Қазір ескі қондырғылар жаңасына ауыстырылып жатыр.
СНХ: БЕЙБІТ ИСМАНОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Облыс әкімі Қызылжар ауданының тұрғындарымен кездесті
Облыс әкімі әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап болғаннан кейін аудан тұрғындарымен кездесті. Шара шымылдығын аудан әкімі Бейбіт Исманов ашып, атқарылған жұмыстар мен жеткен жетістіктер жайлы баяндады.
Аудан әкімінің баяндамасынан кейін тұрғындар толғандырған сұрақтарын қойды. Жиын барысында жол, байланыс және білім беру салалары бойынша мәселелер көтерілді.