Өңірге жұмыс сапарымен келген Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында азаматтардың сауалдарына жауап беріп, көтерілген мәселелерді шешу жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ, вице-министр бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен жүздесіп, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
Ана мен бала денсаулығын қорғау - медицинаның басты басымдығы. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде елімізде ана өлімі 35 пайызға төмендеді. Ал Солтүстік Қазақстан облысында соңғы бес айда мұндай қайғылы жағдай мүлдем тіркелген жоқ. Сондай –ақ, өңірдегі азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 74 жасқа жеткен.
СНХ: ТИМУР СҰЛТАНҒАЗИЕВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БІРІНШІ ВИЦЕ – МИНИСТРІ
Жиында медицинаның қолжетімділігі де сөз болды. «Ерекше балалардың ата-аналар одағы» тексеруге жазылудың қиындығын, дәрі-дәрмек пен оңалту орталықтарының тапшылығын алға тартты.
СНХ: АНАСТАСИЯ ГРИГОРЬЕВА-ЯКОВЛЕВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ
Бұл мәселерді аутизм спектрі бар балаларға медициналық емнен қарағанда, әлеуметтік-педагогикалық оңалтудың маңызды екені айтылып, бұл істі білім басқармасымен бірлесе атқару қажеттігі сөз болды. БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде бірінші вице-министрге медицина саласындағы мамандар тапшылығы мәселесіне қатысты сұрақ қойылды.
СНХ: ТИМУР СҰЛТАНҒАЗИЕВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БІРІНШІ ВИЦЕ – МИНИСТРІ
Тілшілер қауымы тарапынан қойылған келесі бір маңызды сұрақ - аудандық жерлердегі медициналық инфрақұрылымды жаңғырту мәселесіне қатысты болды.
СНХ: ТИМУР СҰЛТАНҒАЗИЕВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БІРІНШІ ВИЦЕ – МИНИСТРІ
Мұндай ашық форматтағы кездесулер өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешудің тиімді жолдарын қарастыруға жол ашады. Айта кетейік, бүгінде өңіріміздің денсаулық сақтау саласында 6 мыңға жуық адам аянбай еңбек етіп келеді.