Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің жоғары сот басшыларымен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы бауырлас елдердің ынтымағын нығайтуда ұйымның рөлі айырқша екенін айтты. Соңғы жылдары сот және құқық қорғау салаларындағы өзара ықпалдастық күшейген. Түркістанда өтетін Жоғарғы соттардың екінші конференциясы осы байланысты одан әрі тереңдетпек. Кездесуде сот жүйесін цифрландыру, инвесторлардың құқықтарын қорғау және құқықтық саланы дамыту мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы барлық бастаманы қолдайтынын жеткізді. Сондай-ақ елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалар туралы ақпарат беріп, 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне енетін айтты. Құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, білім мен ғылымды дамыту, сондай-ақ цифрлық кеңістіктегі жеке деректердің қауіпсіздігін сақтау мәселелері қамтылған. Президент Конституциялық реформаларды іске асыру үшін бірқатар заңға өзгерістер енгізілгенін де атап өтті. 


СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ