Жаңа Конституция жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Шілде айының бірінде елімізде он бесiншi наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституциялық заң өз күшіне енеді. Бұл оқиға - мемлекетіміздің саяси және қоғамдық даму жолындағы ең маңызды, тарихи белестердің бірі болмақ.

Жаңа заң - жаңа талап. Бірінші шілдеден бастап күшіне енетін Конституциялық заң ел басқару жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуді көздейді. Бұл ретте мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру - басты міндет. Қазіргі таңда кадрлық процестерді цифрлық форматқа көшіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Оның жарқын дәлелі - мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесінің толықтай автоматтандырылуы.


СНХ: ДАРХАН ЕРМЕКОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ