Елімізде 1 шілдеден бастап «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заң қолданысқа енгізіледі. Ол мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын күшейтуге және қоғам алдындағы ашықтық пен есептілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған. Айта кетейік, елімізде 23-маусым күні – Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтіледі. 

«ҚР мемлекеттік қызметі туралы» заңның жаңа редакциясы мемлекеттік қызметтің ашықтығын, кәсібилігін және азаматтарға бағдарлануын күшейтеді. Заң азаматтардың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етіп, өтініштерді қарау мерзімдерін негізсіз созуға және жалған ақпарат беруге тыйым салады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп талаптары күшейтіліп, мінсіз бедел ұғымы енгізілді. Еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында икемді жұмыс кестесін қолдану мүмкіндігі қарастырылған.

СНХ: СНХ:ДАРХАН ЕРМЕКОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Бұдан бөлек, заң тәртіптік жауапкершілік жүйесін жетілдірді. Жазалардың түрлері кеңейтіліп, лауазымын төмендету және атқарып отырған қызметіне сәйкес емес деп тану сияқты шаралар енгізілді. 

СНХ: СНХ:ДАРХАН ЕРМЕКОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ 

Сарапшылардың бағалауынша, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заң мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған маңызды құқықтық құжат болып табылады. Заң мемлекеттік қызмет саласында ашықтық пен есептілік қағидаттарын нығайтып, басқару процестерінің заманауи талаптарға сай жүзеге асырылуына ықпал етеді.