Қазақстандағы ұлтаралық татулық пен келісім ашық мәдени диалог идеясына негізделген. Бұл ретте «Қазақстанның орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі де елдегі бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосып келе жатқан азаматтық қоғамның негізгі институттарының бірі саналады. Достық үйінің белсенді мүшесі, мәдениет жанашыры Сергей Снурницын бүгінде 70 жасқа толды. Белгілі ақын, композитор әрі талантты әртістің мерейтойы өңірде кеңінен аталып өтуде.

Петропавлда өтетін бірде-бір мерекелік концерт Сергей Снурницыннің баянда ойнаған әсем сазынсыз өтпейді. Ол 200-ден астам әннің авторы, мыңдаған өлең-жолдарының иесі. Музыкалық аспаптарда шебер ойнайтын музыкант, бүгінде «Звонница» ансамбліне жетекшілік етеді.


СНХ: СЕРГЕЙ СНУРНИЦЫН, «ЗВОННИЦА» АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ


Ол аймақтың мәдениетін дамытуға және ұлтаралық келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосып жүр. Шығармалары тек өңірлік емес, республикалық сахналарда да жиі орындалады. Бүгінде Сергей Федорович облыстық Қазақстан халқы ассамблеясындағы шығармашылық жолы мен белсенді қызметін жалғастыра отырып, асқаралы мерейтойын қарсы алуда.


СНХ: ТАМАРА РОДНАЯ, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРЫС ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ҚБ СҚОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


«Қазақстанның орыс қауымдастығы» мәдени орталығы 1994 жылы құрылған. Бірлестік өкілдерінің пікірінше, мәдениет пен шығармашылық елді біріктіруші басты күш, әрі ортақ құндылықтар кодын қалыптастыратын бірегей құрал.