Адам өміріне араша түсіп, денсаулығын сақтауға үлес қосатын мамандықтардың бірі – фельдшер. Бұл мамандық иелерінен терең біліммен қатар, жауапкершілік пен төзімділік те талап етіледі. №3 қалалық емханада қызмет ететін Лариса Белобровенко осы салада 22 жылдан бері табанды еңбек етіп келеді.
Лариса Белобровенко №3 қалалық емханада фельдшер болып еңбек етеді. Медицина саласындағы жалпы еңбек өтілі 22 жыл. Бала күнінен анатомия мен медицинаға қызыққан ол арманын жүзеге асырып, медициналық колледжді үздік тәмамдаған. Еңбек жолын жедел жәрдем станциясында бастап, тоғыз жыл бойы халыққа шұғыл көмек көрсеткен. Ал 2013 жылдан бері №3 қалалық емханада фельдшер болып жұмыс істейді.
СНХР: ЛАРИСА БЕЛОБРОВЕНКО , ФЕЛЬДШЕР
Көп жылдық тәжірибесінде маман талай күрделі жағдайға куә болған. Оның айтуынша, жедел жәрдем қызметінде өткен жылдар ерекше есте қалыпты. Инсульт, инфаркт, жол-көлік оқиғалары мен түрлі жарақаттар жиі кездескенімен, ең ұмытылмас сәттердің бірі – үй жағдайында жүкті ананы босандыруға көмектескен кездер. Сондай-ақ ол алғашқы жұмыс күндерін де ерекше толқыныспен еске алады. Осындай ұзақ жылдық тәжірбие мен еңбектің нәтижесінде бүгінгі күні әріптестеріне де айтар тілегі ерекше .
СНХР: ЛАРИСА БЕЛОБРОВЕНКО , ФЕЛЬДШЕР
Бүгін де медицина қызметкері шақыртуларға шығып, науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Оның жұмыс күні таңғы сегізде басталып, қажетті дәрі-дәрмек пен медициналық құралдардың толықтығын тексеріп, кейін жүйе арқылы келіп түскен шақыртуларды қабылдайды. Жауапкершілік пен кәсібіне деген адалдықты серік еткен маман үшін адам денсаулығы әрқашан бірінші орында.